24-26 наурыз аралығында Алматыда қатты нөсер жауып, су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД хабарлады. Ведомствоның таратқан ақпаратына сүйенсек, 24-26 наурыз аралығында оңтүстік астанада және оған жақын маңда толассыз жаңбыр жауып, су деңгейі көтерілуі ықтимал.
Жауын-шашынның көп бөлігі таулы аумақтарда болады деп болжанып отыр. Нөсерлетіп жауған жаңбырдан өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын жүру қауіпі бар.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға ауа райын қадағалап, тәуекелге бармауға, мүмкіндігінше қауіпті жерлерге барудан бас тартуға кеңес береді.