×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Педагогтың әрекеті жұртты шошытты

24.03.2025, 07:20
Педагогтың әрекеті жұртты шошытты
Жасанды интеллект/Ulysmedia

Әлеуметтік желілерде Наурыз мерекесінде көптің көзінше оқушыларға тіл тигізіп, қорлаған бейнежазба таралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бейнежазба авторының баяндауына қарағанда оқиға Алматы қаласында болған. Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара кезінде оқушылар сахнаға шығып, Наурыз мейрамының шығу тарихы туралы қысқаша баяндамаларын оқиды. Балалардың әзірлеген жұмысы мектеп директорына ұнамай қалса керек, олардың сөзін бөліп: «Сен өзің мініп көрдің бе?» деп сұрайды (нақты не туралы айтқаны белгісіз). Оқушылардың бірі «жоқ» деп жауап береді. Осы кезде директор: «бұл бізге қызық емес. Оның үстіне оқу техникаларың 7-сыныптың оқушысына мүлдем сай келмейді. Сахнадан түсіңдер! Рахмет!» деп дөрекі сөйлейді.

Бейнежазбаға қатысты пікір жазған желі қолданушылары мектеп басшысының бұл қылығына наразы болып, қатты сынға алды. Мұндай педагогтың білім ошағында қалай жұмыс істеп жүргенін түсінбей таңданды.