×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Air Astana ұшағы Бакуге қонуға мәжбүр болды

24.03.2025, 09:50
Air Astana ұшағы Бакуге қонуға мәжбүр болды
Twitter

Air Astana әуе компаниясының ұшағы Бакудегі «Гейдар Әлиев» халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әуежайдың мәліметінше, борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауы себепті осындай шешім қабылданған. Қазақстандық ұшақ Тбилисиден Алматыға бағыт алған.

Әуе кемесі Баку уақыты бойынша сағат 00.25-те (Астана уақытымен 01.25-те) сәтті қонды, деп хабарлайды Media.az.

Денсаулығы нашарлаған жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Рейс кешікті, қалған жолаушылар қонақ үйге орналастырылды.

AIR ASTANA НЕ ДЕЙДІ?

Әуе компаниясының баспасөз қызметі рейс 24 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 13.40-та ұшатынын хабарлады. Өйткені экипаждың жұмыс уақыты аяқталды. Жолаушыларға қонақ үйге, тұруға және тамақтануға трансфер берілді.