×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

БҚО-да Ресеймен шекаралас ауданда үшінші дрон құлады

БҚО-да Ресеймен шекаралас ауданда үшінші дрон құлады
ren.tv видеосының кадры

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. 

- Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесе отырып, Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, дейді полиция департаментінің өкілдері.

Облыстық полицейлер нысанның елді мекендерден шалғай жерде орналасқанын анықтады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін дрон Бөкейорда ауданы Ұялы ауылдық округі маңынан табылған болатын. Оқиға орнынан түсірілген суреттерді жергілікті тұрғындар бөлісті. Кейінірек бұл ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растады, бірақ түсініктеме беруден бас тартты. Ұшатын аппараттың ұзындығы – 120 сантиметр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеді.

Сонымен қатар, 18 наурыз күні сағат 17:35-те Тасқала ауданының Атамекен ауылы (Тасқала ауылынан 60 шақырым солтүстікте орналасқан) тұрғындарынан полиция бөліміне белгісіз нысан табылғаны туралы хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл – құлаған пилотсыз ұшу аппараты. Нысанның ұзындығы – 300 см.