×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Балаева дауы басылмаған "Қазақфильм" жөнінде мәлімдеме жасады

Балаева дауы басылмаған "Қазақфильм" жөнінде мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қазақфильм" киностудиясына қатысты тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕРДІҢ САТЫЛУЫ

Бірінші. «Қазақфильм» жерінің сатылуы жөніндегі ақпаратқа қатысты.

- Бұл мәселе төңірегіндегі негізсіз қауесет біржола тоқтатылуы тиіс. «Қазақфильмге» тиесілі жерлер киностудия иелігінде қала береді. Жер сатылған жоқ және тек кинематография мүддесі үшін пайдаланылуда, дейді Балаева.

ИНВЕСТОРЛАР ТУРАЛЫ

Екінші. Киностудияны жөндеуге қомақты қаржы салуға дайын инвесторлардың бар екені жайлы.

- Бұл ақпарат қоғамда кең тарап жүр, алайда мұндай мәлімдемелерді құжаттармен немесе нақты кепілдіктермен растай алмайтын адамдар жасап отыр. Мемлекет, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігі нақты инвесторлармен жұмыс істеуге дайын. Дегенмен әзірге ешқандай нақты ұсыныс, бірде-бір кепілдік хаты жоқ. Барлығы тек әңгіме деңгейінде, деп түсіндірді министр.

КИНОСТУДИЯНЫ АСТАНАҒА КӨШІРУ

Үшінші. Киностудияны Астанаға көшіру туралы.

- Бұл да ешқандай негізі жоқ қауесет. Қазіргі уақытта елордаға «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін көшіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Мұнда маңызды жайт – «Қазақанимация» өндірістік база емес, анимациялық контент жасауға тапсырыстарды бөлетін құрылым. Сондықтан оның Астанаға көшуі саланың жұмысына еш кедергі келтірмейді, дейді Балаева. 

Министр кейінгі бес жылда елімізде сапалы анимациялық фильмдер түсірілмегенін атап өтті.

- Осыған байланысты анимациялық индустрияны креативті индустриялар қорының аясында дамыту орынды болмақ. Қор құрылымында анимацияны дамытуға бағытталған креативті хаб жасақталуда, дейді Аида Балаева.