Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның басты саяси оқиғаларына шолу жасады.
«Ұлыс» аптаның ең маңызды әрі қоғамда қызу талқыға түскен оқиғаларын саралайды.
Астанада дүркіреген той өтті. Қарт Назарбаев пен 45 жастағы Әсел Исабаеваның тұңғыш ұлы Тауманның тойы қалай өтті? Назарбаевтардың су жаңа құдасы кім болып шықты?
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің рөлін күшейтті. Аида Балаева вице-президент Ерлан Қариннен де ықпалды болып бара жатқан сияқты. Бұл өзгерістердің артында не тұр?
Депутаттар Үкіметті бақылай ма, әлде халықты тәрбиелей ме? Құрылтайдың рөлі қандай болмақ? Премьер-министрге сұрақ қоя алмайтын депутаттың ықпалы бола ма?
Мектептегі орамал мәселесі неге он жылдан бері шешілмей келеді? Дін істері басқармасының ұстанымы жарияланған жазба неге өшірілді? Тіпті зайырлылық қағидаларын қатаң ұстанатын Францияның тәжірибесіне қарасақ, біз баланың білім алу құқығын шектеп отырған жоқпыз ба? Діни еркіндік пен баланың білім алу құқығын қалай қатар қамтамасыз етеміз?
«Заң мен тәртіп» аясында азаматтық қоғамды «тазарту» үрдісі қарқынды жалғасуда. Ресейге қарсы жазбалар жариялаған белсенді Арман Шораев 20 күнге қамалды. Тағы бір белсенді Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті. Қазір азаматтық белсенді болу қауіпті. Ал кезінде жер мәселесін көтеріп, билікті қатаң сынаған, қазір Көкжайлаудағы құрылысты қорғап, теннис ойнап жүрген Мұхтар Тайжанның таңдауы дұрыс па?
Шығарлымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.
Айтар мәселелеріңізді біздің редакцияның WhatsApp нөміріне +7705 729 97 00 жолдай аласыздар.