×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қоқысты қайта өңдеу: миллиардтаған ақшаға алынған құрылғылар шаң басып жатыр

Қоқысты қайта өңдеу: миллиардтаған ақшаға алынған құрылғылар шаң басып жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандaғы екі облыста қоқысты сұрыптау жобалары бірнеше жылдан бері іске қосылмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында жылына 60 мың тонна қуаттылығы бар қоқыс сұрыптау зауыты іске қосылмаған. Дәл осындай мәселе Абай облысында да туындап отыр, онда жылына 100 мың тонна қоқыс сұрыптауға арналған зауыт салу жоспарланған болатын.

АҚША ҚАЙДА

Бұл екі жоба да атышулы «Оператор РОП» компаниясы тарапынан қаржыландырылғаны белгілі болды. 2021 жылы Ақтөбе облысындағы жобаға 1,6 млн еуро, ал Абай облысындағы жобаға 2,6 млн еуро бөлінген.

Министр Нысанбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, «Оператор РОП» қоқыс сұрыптау зауыттарына қажетті жабдықтарды сатып алғанын айтты.

– Барлық жабдық қазір шаң басып жатыр, олар орнатылмаған және жұмыс істемейді, деді министр.

Оның айтуынша, Семейде тек ғимарат құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген.

– Мәселе осында, әзірге ғимарат жоқ. Бұл жабдықтар орнатылып, пайдалануға берілуі тиіс. Біз бұл мәселе бойынша бірнеше рет әкімдікке жүгіндік, бүгін тағы да көтердік. Жақын арада барлық жабдықтың монтажын жылдамдатып, іске қосады деп үміттенеміз, дейді министр.