Сарапшылар қазақстандықтардың жалақысы Ресей, Өзбекстан және Германия тұрғындарының орташа табысынан қаншалықты айырмашылығы бар екенін анықтап көрді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Numbeo деректеріне сәйкес, lsm.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстандағы орташа айлық жалақы салықтарды шегергеннен кейін 289,5 мың теңгені немесе 574,7 АҚШ долларын құрайды.
Көршілес елдермен салыстырғанда, Ресейде жалақы жоғары – 334,7 мың теңге (665,2 доллар), Қытайда одан да көп – 469,2 мың теңге (931,4 доллар).
Өзбекстанда қазақстандықтарға қарағанда төмен – 237,9 мың теңге (472,6 доллар), ал Қырғызстанда тіпті аз – 196,7 мың теңге (390,5 доллар).
Басқа елдерге келсек, Германияда орташа айлық жалақы 1,5 млн теңгеге (3 мың доллар) жетсе, Австралияда – 1,7 млн теңге (3,5 мың доллар), ал АҚШ-та – 2,1 млн теңге (4,3 мың доллар).