×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Ақшаны ала дорбамен тасыған: Талдықорғанда бухгалтер 1,6 млрд жымқырған

Ақшаны ала дорбамен тасыған: Талдықорғанда бухгалтер 1,6 млрд жымқырған
Фото: Антикор

«Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Талдықорған қалалық соты «Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, «Қазпошта» АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды.

Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

ҮКІМ

Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды. 

Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.