Экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған жанжал туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бүгін, 27 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Ерлан Қожағапановқа қатысты сот отырысы жалғасты.
Қожағапановтың сөзінше, ол вице-министр кезінде туризмді дамыту үшін дәретханалар салу қажет екенін Қазақстанда бірінші болып айтқан. Оның сөзінше, ол бұл идеяны форумдардың бірінде айтқан, ол үшін өзінің бұрынғы бастығы – Арыстанбек Мұхаммедиұлынан "сөз естіген".
- Мен 2017 жылы ең бірінші болып осы мәселені көтердім және сол кездегі министр Арыстанбек Мұхамедиұлымен жанжалдасып қалдым. Тәуелсіздік сарайында өткен форумда Қазақстандағы туризм саласындағы проблеманың бірі – дәретханалардың жетіспеушілігі екенін айттым. Форумнан енді шыққан едім, маған министр қоңырау шалып: “Неге сен дәретханалар туралы айттың? Маған Ақордадан хабарласып, неге ондай нәрселерді айтады деп сұрады. Дәретхананың бұған қандай қатысы бар? Біз қайда, дәретхана қайда?” деді. Мен егер біз дәретханалар туралы ашық айтпасақ, проблема ешқашан шешілмейтінін түсіндірдім. Ал қазіргі таңда елдегі дәретханалар жоқ екені туралы шенеунік те, қоғам қайраткері де, турист те айтып жүр. Бәрі осы мәселені көтеріп жүр, деді ол.
ТЕРГЕУ
Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған тергеу жұмыстары аяқталғанын хабарлаған едік.
СОТ ОТЫРЫСТАРЫ
Бұған дейінгі сот отырыстарында Қожағапанов Антикорға шүйлікті. Ол антикор басшылығындағы адамдардың бірі басқа бап бойынша айыптап жатқанын, ол бойынша 12 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтып, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқанын айтты.
Сонымен қатар, Ерлан Қожағапановқа қатысты сот отырысында тағы бір айыпталушы - Ляззат Көккөзова мәлімдеме жасады.
ОЛ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Қожағапов былтыр наурызда ұсталғанын антикор хабарлаған еді. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. “Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты” деген сол тұста антикор.