×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қазақстанда жыныс ауыстыру отасы жасалмаған. Толық тыйым салу жайлы үкімет не дейді

27.03.2025, 18:32
Қазақстанда жыныс ауыстыру отасы жасалмаған. Толық тыйым салу жайлы үкімет не дейді
Ашық дереккөзден

Премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына берген жауабында Қазақстанда жыныс ауыстыру отасы жасалмағанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Депутат бұған дейін адам ағзасына мұндай медициналық араласуға тыйым салуды ұсынған еді. Ол сауалында елде осындай оталар қанша рет жасалғанын сұраған болатын. 

Үкімет басшысы жауабында медициналық ақпараттық жүйелердің деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда жыныс ауыстыруға қатысты хирургиялық оталар тіркелмегенін, мұндай оталар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайтынын атап өткен. Мемлекет есебінен өтелетін медициналық қызметтер тізімінде жыныс ауыстыруға қатысты пластикалық оталар қарастырылмағанын жазған.

Қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар депутаттық корпуспен бірлесіп, осы мәселеге қатысты заңнамалық өзгерістерді талқылауға дайын, – делінген Бектеновтің жауабында.

Алайда мұндай "қажеттіліктің" қашан туындайтыны нақтыланбаған.