×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Ресейге қатысты санциялар әлсірей ме - Шольцтің позициясы

27.03.2025, 19:30
Ресейге қатысты санциялар әлсірей ме - Шольцтің позициясы
Ашық дереккөзден

Ресей бейбітшілік орнатуға мүдделі болмағандықтан, санкцияларды алып тастаудың ешқандай мәні жоқ, деп мәлімдеді Германия канцлерінің міндетін атқарушы Парижде өткен Украинаға көмек жөніндегі саммиттен кейін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ГЕРМАНИЯ КАНЦЛЕРІНІҢ ҰСТАНЫМЫ

Германия канцлерінің міндетін атқарушы Олаф Шольц Ресейге қарсы санкцияларды жұмсартуға үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол 27 наурызда, Парижде өткен "Қалағандар коалициясы" саммитінен кейін: "Бейбітшілік орнамайынша, санкцияларды алып тастаудың ешқандай мәні жоқ" деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір бұл "үлкен қателік" болар еді, өйткені бейбітшілікке әлі қол жеткізілген жоқ. Сонымен қатар, Шольц Ресейдің шын мәнінде бейбітшілік орнатуға мүдделі емес екенін атап өтті.

АҚШ ПЕН ЕУРОПАНЫҢ БІРЫҢҒАЙ ҰСТАНЫМЫ

Шольцтың пікірінше, бұл мәселеде АҚШ пен Еуропа бірлескен әрі айқын ұстанымда болуы керек. Германия үкіметінің басшысы АҚШ-тың Украинаға көрсетілетін көмек бойынша Еуропадағы шешімдерді қолдауы қажет екенін айтты. "Біз Украинаға қолдау көрсету мүмкіндігімізді сақтап қала аламыз" деп қосты ол.

"ҚАЛАҒАНДАР КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ" ҮШІНШІ КЕЗДЕСУІ

Франция президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Париждегі Елисей сарайында өткен саммитке 31 елдің көшбасшылары және НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте қатысты. Үш сағаттан астам уақытқа созылған кеңес барысында Киев пен Мәскеу арасындағы атысты тоқтату жағдайында Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру мәселесі талқыланды.

Бұл форматтағы үшінші кездесу болып табылады. Оның бастамашылары - Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Ресеймен жақындасуына жауап ретінде осы қадамды қолға алған.

РЕСЕЙДІҢ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРСЫЛЫҚТАР

Ресей АҚШ-пен Украинадағы атысты ішінара тоқтату туралы келіссөздер аясында кейбір санкциялардың жойылуын талап етуде. Мәскеу Эр-Риядтағы келіссөздерден кейін Қара теңізде уақытша бітімге тек санкцияларды жеңілдету жағдайында ғана бара алатынын мәлімдеді.