×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

5 балға дейінгі дүмпу: Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

28.03.2025, 07:45
5 балға дейінгі дүмпу: Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді
Ашық дереккөзден

Қазақстанның сейсмологтары жұма, 28 наурыз күні сағат таңғы 3:42-де Алматыдан 323 шақырым оңтүстік-батыста, Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысының тоғыз елді мекенінде жер сілкінісінің күші 5-тен 2 баллға дейін сезілген.

Атап айтқанда, Меркі ауылында – 5 бал, Құлан ауылында – 4 бал. Шу және Тараз қалаларында, сондай-ақ Төле би, Сарыкемер, Қордай, Аса және Мойынқұм ауылдарында 2 балдық дүмпулер сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған үй-жай туралы ақпарат түспеген.