Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимараттың қабырғасында жарықшақтар пайда болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҒИМАРАТТАР
Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықтың пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда.
ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ
8(7262)513575 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылған.
ЖЕР СІЛКІНІСІ
Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 балл.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.
Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.