×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Назарбаев биліктен кетерде кез келген адамды құрта алатынын көрсеткісі келді – ЭКСПО ісімен сотталған Омаров

28.03.2025, 10:35
Назарбаев биліктен кетерде кез келген адамды құрта алатынын көрсеткісі келді – ЭКСПО ісімен сотталған Омаров
Kremlin.ru

«Экспо-2017» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Мұрат Омаров Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында өзін кінәлі санамайтынын мәлімдеді.

Мұрат Омаровтың өзі әйгілі ЭКСПО ісі бойынша сотталып, жазасын өтеп шыққан. 

Ол жылдары Ахметовтың ісі (бұрынғы премьер-министр), қара генералдың ісі бірінен кейін бірі болып жатты. Бізден кейін Бишімбаевты (бұрынғы ұлттық экономика министрі) соттады. Бәрі бірінен кейін бірі. Менің ойым – бұл Назарбаевтың шешімі еді. Билікті қазіргі президентке бермес бұрын ол элитаға ешкім бас көтермес үшін кез келген адамды құрта алатынын көрсеткісі келді. Бұл қатарда ЭКСПО ісі де болды – арнайы үлкен қоғамдық резонанс жасау үшін қылмыстық іс 500 томға дейін жеткізілді. Осылайша халыққа "қаншама қаржы ұрланды" деген ой әдейі таратылды. Мен бұл жүздеген томды мұқият зерттедім. Көбінесе, олар – шот-фактуралар. Мысалы, нан зауыты Өскемендегі құрылысқа мердігерлердің бірі арқылы нан жеткізіп отырған. Ол мердігер облыстық театр құрылысын жүргізіп, жұмысшыларды тамақтандырған. Күнделікті нан жеткізілімдері де істің материалдарына әдейі енгізілген. 500 том жасау үшін түрлі бүкіл қағаздарды жинақтаған – дейді …

Оның айтуынша, ЭКСПО ісі антикордың бұрынғы бастығы Қайрат Қожамжаровтың жеке бақылауында болған. Сөзінше, ЭКСПО ісінде куә болған бірде-бір адам өзімен қаржы мәселесін талқыламаған. “Неліктен ақталмадыңыз?” деген сұраққа ол былай жауап берді.

Ол кезде мүмкін бе еді? Бізде ақтап шыққан сот шешімдерінің үлесі жалпы үкімдердің 1 пайызы ғана! Бұған дейін аталған мәселе бірнеше рет талқыланған. Демократиялық елдерде ақтау үкімдерінің саны 30-40 пайыз. Қазір де өзгерген ештеңе жоқ, – дейді ол.

Мұрат Омаровтың сөзінше, Бақытжан Сағынтаев премьер-министрдің орынбасары кезінде Миландағы ЭКСПО-ға барған. Сол шараны өткізуге Миланда 15-20 млрд доллар бөлінгенін, алайда құрылыс соған сай ұқсамайтынын көрген Сағынтаев “бұл жерде осыншама ақша кеткені байқалмайды ғой, неге?” деп сұраған. Ол жердегілер “бізде бірнеше жауаптылар осы іс бойынша сотталды” деп жауап берген. Сағынтаев сонда “осындай ірі шара өткізіп жатып, соттай бересіздер ме?” деп сұраған. Италиялықтар оған “иә, бұл бізде қалыпты жағдай, кім ақша жесе соны соттаймыз” деген. Осы таңданысын Сағынтаев елге келгенде Назарбаевқа айтқан дейді Омаров. “Мен сол әңгімені Сағынтаевтан естігенде (Назарбаевқа айтқанын) келесі сотталатын адамдар өзіміз екенін ұқтым” деп тұспалдайды.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көруге болады.