×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Ұлытауда киіктің өлексесі тау болып үйілген: министрлік не дейді

Ұлытауда киіктің өлексесі тау болып үйілген: министрлік не дейді
Ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлытау облысындағы қырылған киіктердің видеосына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы қыс мезгіліндегі киіктердің қырылып қалғаны туралы видео тараған. 

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Министрлік мәліметінше, мұндай жағдай бірқатар басқа аймақтарда да тіркелген. Көбінесе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының табиғи мекендеу орындарында табылды.

- Киіктің биологиясын ескерсек, бұл табиғи жағдаймен байланысты. Айта кету керек, өңірлерде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бекітілген алгоритмдері бар, жұмыс жедел штабтар арқылы жүзеге асырылады, делінген хабарламада.

ҰШАЛАР ЖОЙЫЛДЫ

Алгоритм аясында ұшалар ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылады. Мұны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері әкімдіктермен, ветеринариялық қызметпен, полиция және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізеді. Аталған жұмыстарға барлығы 150-ден астам адам, 51 бірлік техника жұмылдырылды.

Биыл жыл басынан бастап 5,2 мыңнан астам өлексе жойылған.

Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі Грачевтің айтуынша, қалыпты жағдайда киіктердің жылсайынғы табиғи өлімі жалпы санның шамамен 20% құрайды, ал аталықтарының 50% - ы өлуімүмкін. Киік - өмір сүру уақыты қысқа, көбейуі жылдам дала жануары. Қатал қыста киік саны 40-50%-ға дейін азаюы мүмкін, әсіресе қыстың алдында көктемгі-жазғы құрғақшылық орын алған жағдайда. Қыс мезгілінде қардың қалың түсуіне орай, азық қорының азаюны байланысты жануарлар денесіндегі май қорын жоғалтады. Қазақстанның шөлді мен жартылай шөлді аумақтарында мұндай табиғи құбылыстар жиі байқалады, сәйкесінше бұл кейбір әлсіреген киіктердің өліміне әкеледі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, дала жануарының өлексесі тау болып үйілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарағанын хабарлаған едік. Белгілі журналист Асхат Ниязов киіктердің жаппай қырылуына қатысты видео жариялады. Онда табиғаттағы келеңсіз жағдай айқын көрінеді.

“Ұлытау облысынан қорқынышты видеолар келіп жатыр. Кенгір су қоймасының жағалауынан мыңдаған өлі киік табылып жатыр деп жазуда. Не болып жатыр?”- деп жазды журналист.

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Жезқазған қаласының маңында 660-тан астам өлексесі табылып, жойылды, ал Қаражал маңында 2342 киіктің өлексесі анықталған.