×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды

Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды
Ашық дереккөзден

Мьянмада жойқын жер сілкінісі болып, дүмпулер Қытай мен Таиландта да сезілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жұма күні Мьянманың орталығында 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Елдің бұл бөлігінде 1 миллион адам тұрады және көптеген тарихи храм бар. Жерасты дүмпулерінің жойқын болғаны сонша, олар көршілес Бангкок пен Қытайдың Юньнань провинциясында сезілді.

Желіде Мьянмада да, Таиландта да жүздеген адамның үрейленіп, қашқан видеолары тарады. 

Мьянмада Ирравади өзенінің жағалауын байланыстыратын көпір опырылды. Бангкокта салынып жатқан ғимарат қирады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ

Бүгін Жамбыл облысында жер сілкінісі болды. Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 балл.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеуде. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

ҒИМАРАТТАР

Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықтың пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда.