×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

"Жаңа мүмкіндіктер "терезесін" ашу керек". Қазақстан жаһандық саудадағы басымдықтар туралы айтты

"Жаңа мүмкіндіктер "терезесін" ашу керек". Қазақстан жаһандық саудадағы басымдықтар туралы айтты
Фото: Үкімет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Өзгермелі әлемдегі Азия: ортақ болашақ жолында» тақырыбында өткен Боао Азиялық форумының 24-ші сессиясының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КЕЗДЕСУ

Кездесу барысында Роман Скляр Қазақстан–Қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайтуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға күш салуға дайын екенін білдірді. Дин Сюэсян екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетудің және мемлекеттер басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар ҚР–ҚХР Ынтымақтастық комитеті отырысының қорытындыларына оң баға беріп, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейіндегі тұрақты кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, барлық өзекті екіжақты мәселелер бойынша тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға келісті. Роман Скляр қытайлық әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

ФОРУМ

Форумға 60-тан астам елден келген делегациялардың басшылары және 2 мыңнан астам үкіметтік ұйымдардың жетекшілері, ірі компаниялардың, ғылыми топтардың өкілдері және сарапшылар қатысты. 

Роман Скляр БАФ шеңберінде «Жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақтылығын сақтау: байланыстың рөлі» тақырыбында өткен панельдік сессиясында негізгі спикер ретінде сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына, сауда кедергілерін азайту және жаңа көлік бағдарларын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысқа, сондай-ақ өзара жеткізу тізбектерін жетілдіру үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға қатысушылардың назарын аударды. Қазақстан делегациясының басшысы Азия құрлығы елдеріне жаңа мүмкіндіктер «терезесін» аша отырып, тығыз байланыс орнатуға шақырды.

ФОРУМНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • 2001 жылы Қытай үкіметі және Азия елдерінің қолдауымен құрылды.
  • Мақсаты – аймақтық экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету, Азия мен әлем елдерінің алдында тұрған негізгі қиындықтар мен перспективаларды талқылау.
  • Онда ондаған елдерден саясаткерлер, бизнесмендер, сарапшылар және ғалымдар қатысады.
  • Тақырыптары – сауда, инвестициялар, логистика, цифрландыру, климат, қаржы және тағы басқалар.
  • Форум Қытайдың Азияның басқа елдерімен диалог орнатуына және «Бір белдеу – бір жол» сияқты бастамаларды ілгерілетуге арналған негізгі алаңға айналды.