×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

"Өзіңді ешбір елге қатысы жоқ адамдай сезінесің": Ирандағы қазақ қызы мұңын шақты

29.03.2025, 10:25
"Өзіңді ешбір елге қатысы жоқ адамдай сезінесің": Ирандағы қазақ қызы мұңын шақты
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Иранда тұратын қазақ қызы басынан өткен жағдайды баяндап, мұңын шақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шетелдегі қаракөз қарындасымыздың көзіне жас ала отырып сөйлеген сөзін nurzhantagaibekuly Tik-Tok желісіндегі парақшасында жариялады. Қызылбастар елінде өзін жайсыз сезініп жүрген қандасымыз атажұртына келгенде орыстілділердің көптігін көріп, алып ұшқан көңілі су сепкендей басылғанын айтты.

Басты проблема – сен өзіңді ешқайда жатпайтын адам сияқты сезінесің. Өйткені келбетіңе қарасаң Ирандағы парсы халқының ешбіріне ұқсамайсың. Бұл сезім Қазақстанға барғанда жоғала ма деп ойлаған едім, бірақ олай болмады. Қазақстанға екі рет бардым, ол жақта да өзімді қазақ ретінде сезінбедім. Өйткені олардың бәрі орысша сөйлейді және оларды түсінбейсің. Осылайша өзіңді ешбір елге жатпайтын адам сияқты сезінесің. Сонда сен не ирандық қазақ, не кәдімгі қазақ емессің. Кішкентай кезімде атамның әке-шешесін жек көретінмін, өйткені олар осында көшіп келді. Неге мен Иранда тудым? Неге біз басқалардан өзгешеміз? – деп мұңын шақты ирандық қазақ қызы.