Бүгін, 30 наурызда Алматының жаңа мешітінде оқылған айт намазына 40 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматыдағы ең үлкен мешіт ораза айтта 40 мың адамды қабылдады
Оңтүстік астанадағы ең үлкен мешіт Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан. Құжаттарды рәсімдеу әлі аяқталмағандықтан, ресми ашылуы кейінге қалдырылған. Бірақ айт мерекесіне ғибадатхана есігі жамағат үшін айқара ашылды.
«Халық» қайырымдылық қорының мәліметінше, мешіт 20 мың адамға арналған.
Алматыда жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асатын, 20 мың адамға есептелген жаңа мешіт салынды. Бүгін осы зәулім ғибадат үйінде қасиетті ораз айттың құрметіне айт намазы оқылды. Жиналған адамдардың саны шамамен 40 мыңға жетті, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматыда мегаполистегі ең ірі мешітті ашу жоспарланып отыр. Оның құрылысы 2017 жылы басталған, биыл толық аяқталады. Мешіт ашылғаннан кейін Орталық Азиядағы ең ірі ғибадат орындарының біріне айналады.