26 ақпан күні қаржылық мониторинг агенттігі кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған «Buyers Union» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген.
Сонымен қатар, кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген. Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған.
ҚҰЖАТ
Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттарды ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген.
ПАЙДА
Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған.
ҚАМАУ
Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
ТАҒЫ БІР ПИРАМИДА
Еске салайық, бұған дейін «Asar Baspana» қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталып, 1,2 млрд теңгеден астам қаражат тәркіленген болатын.