×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді сабап, оны видеоға түсірген

31.03.2025, 10:13
Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді сабап, оны видеоға түсірген
Ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 67 жастағы зейнеткерге жасалған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға әлеуметтік желілерде видео тарағанға дейін-ақ учаскелік полиция инспекторларының алдын алу жұмыстары кезінде анықталған.

Құқық қорғау органдары барлық кінәлі адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды да анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің ата-аналары мен заңды өкілдері бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін жауапкершілікке тартылмақ. Ал жасөспірімдердің өздері профилактикалық есепке алынды.

Қазір қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы бұл істі ерекше бақылауына алғанын хабарлады.

ВИДЕО ЖАЙЛЫ

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жас жігіттің ұйқысынан енді оянған зейнеткерге жұдырығын түйіп, “орныңнан тұр далба...” деп боқтаған видеосы тараған еді. Үйде бір емес, бірнеше адам жүргені байқалады. Олардың былапыт сөз айтып жүргені түсірілген. 

БАҚ-қа тараған мәліметтерге қарағанда, Теміртау қаласында кәмелетке толмағандар жалғыз тұратын қарияның үйіне баса-көктеп кіріп, оны соққыға жығып, болған жайтты видеоға түсірген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұзақылар өзін электрик ретінде таныстырып, қартты есікті ашуға алдап көндірген. Қария жалғыз тұрады, жақындары қайтыс болған.