×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Шерзат ісі: Қаржаубай Нұрымов күдіктілердің үстінен жаңа арыз түсірмек

Шерзат ісі: Қаржаубай Нұрымов күдіктілердің үстінен жаңа арыз түсірмек
Ulysmedia.kz коллажы

Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұлын өлтірді деп ұсталған күдіктілердің үстінен жаңа арыз түсіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың жаңа адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады. 

- Біз іс материалдарын зерттей келе қылмыстық іс шеңберінде азаматтық талап берілмегенін анықтадық. Бұл бойынша біз өзіміздің талабымызды дайындап жатырмыз. Оның бәрі Қаржаубай қаржылай пайда көрсін деген мақсатта жасалып отырған жоқ. Оны қамауға алынғандарға сот үкімі шыққаннан кейін олардың мерзімінен бұрын шығып кетуіне кедергі келтіру үшін жасап отырмыз, дейді Шекеев. 

ОҚИҒА ОРНЫНДА БОЛҒАН ЕКІ ҚЫЗ ҚАЙДА

Сонымен қатар, адвокат іске қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді. 

- Халық қойып жатқан басты сұрақтардың бірі – “оқиға орнында болған екі қыз қайда?”. Олар тек әлеуметтік желіде қылмыстық істің фигуранттары ретінде көрсетілген, ал қылмыстық іс материалдарына сәйкес, екеуі тек куәгер ретінде жауап берді, дейді адвокат. 

9 КҮДІКТІ

Мейірман Шекеев бұл іс бойынша 9 күдікті барын еске салды. 

- Оның біреуі кәмелетке толмаған бала. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша, яғни қылмыс туралы хабарламағаны үшін айып тағылып отыр. Іс бойынша алты жәбірленуші бар. Оның екеуі – Шерзат пен Нұрқанат, дейді маман. 

ІС СОТҚА ТҮСТІ

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың ісі сотқа түскенін хабарлаған едік. 

Жалпы осы іс бойынша жәбірленушілердің құқығын қорғайтын адвокаттар командасы жасақталған. Ол қатарда Мейірман Шекеев, Әлім Мұстапаев, Жандос Палманов, Бекзат Ниязов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев, Дина Досаева сынды адвокаттар бар. 

Құрметті достар, біз іске кірістік. Барлық құжаттармен таныстық. Біздің пайымдауымызша алғашқы сот отырысы сәуірдің ортасынан басталуы керек”- дейді Мейірман Шекеев.

Бұған дейін Қаржаубай Нұрымов адвокаттарынан бас тартқан еді.