×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Қазақстанда бизнес қарызы өскен - агенттік

Қазақстанда бизнес қарызы өскен - агенттік
Ulysmedia.kz коллажы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары елдегі несиелену деңгейінің өскенін мәлімдеді. Әсіресе, бұл көрсеткіш қазақстандық бизнесте көп байқалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілістегі үкімет сағатында Нұрлан Абдрахманов 2021 жылдан бері несиелер көлемі 1,8 есеге өсіп, 33,8 трлн теңгеге жеткенін айтты. Сонымен қатар, бизнеске берілетін несиелер де ұлғайған. 

- 2024 жылы бизнеске берілген несиелер 16,3%-ға өсіп, 13,1 трлн теңгеге жетті. Ең жоғары өсім жеке кәсіпкерлерге берілген несиелерден байқалады – өткен жылы олардың көлемі 46,6%-ға өсіп, 2,3 трлн теңгеге жетті. Несие қаражатына деген сұранысты көрсететін маңызды көрсеткіш – бұл бизнеске берілген жаңа несиелердің көлемі, деді агенттік төрағасының орынбасары.

БЫЛТЫР

Өткен жылы бизнеске 18,2 трлн теңгеге несие берілген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,2%-ға көп.

- Несие алған бизнес субъектілерінің саны айтарлықтай өсіп отыр. 2024 жылы олардың саны 20,3%-ға артып, 534 мыңға жетті. Нәтижесінде, несиесі бар субъектілердің белсенді бизнес құрылымдар арасындағы үлесі 2020 жылғы 4%-дан 2024 жылы 26%-ға дейін өсті, деді Абдрахманов.