Блогер Жан Ахмадиев марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймова өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жан Ахмадиевтің сөзінше, Бақыт блогерге видео жіберген.
- Шерзат бауырым өмірден өткеннен кейін Бауыржан Абдрахманов деген кісі пайда болды. TikTok-та отырып, тиісе бастайды. “Қаржаубай андай, Нұрқанат мынандай” дей бастайды. Сол аралықта Нұрқанатым өмірден өтті. Нұрқанаттың өліміне тікелей осы кісі кінәлі. Неге? Себебі осылай сөзбен жей берді. Менің өліміме тікелей Бауыржан Абдрахманов кінәлі. Мені суицидке сол кісі итермелеп тұр, дейді видеода Бақыт Реймова.
Жан Ахмадиевтің айтуынша, Бақыт осы видеодан кейін Алматыдағы Райымбек даңғылындағы көпірлердің бірінен секірмек болған. Алайда сол кезде полицей Бақытты құтқарып қалған екен.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.
ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ
Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды. Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.
НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ
Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.