×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Астанадағы әкімдік алдынан Назарбаевтың суреттері алынып тасталған

Астанадағы әкімдік алдынан Назарбаевтың суреттері алынып тасталған
Фото: 2гис

Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімдігінің алдындағы саябақтан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері алынып тасталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ақпарат БАҚ беттерінде тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, әкімдіктің алдында тұрған Назарбаевтың суреттері алынып тасталған. 

ӘКІМДІК НЕ ДЕП ТҮСІНДІРДІ

Бұл жайтқа қатысты Сарыарқа ауданының әкімдігі Ұлысмедиаға пікір білдірді. Әкімдік мәліметінше, «Керей-Жәнібек хандар» гүлзарында қала тұрғындары мен қонақтары үшін абаттандырылуы мен жайлылығын жақсартуға бағытталған жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталған. 

- Жаңарту аясында плакаттары бар құрылымдарды алып тастау жұмысы жүріп жатыр. Оның орнына көпжылдық жасыл екпелері бар гүлзарлар ашылады. Бұл кеңістіктің экологиясы мен жалпы келбетінің жақсаруына әсер етеді, делінген әкімдік жауабында. 

Сол сияқты жоба бойынша қосымша жарықтандыру тіректерін орнату, сыртқы жиһазды жаңарту және үйлесімді ландшафт дизайнын жасау қарастырылған.