Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваны әуежайдан көріп қалғандар фотоға түсіріп алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Сурет журналист Сырым Итқұловтың телеграм арнасында пайда болды. Журналистің сөзінше, Дарияға Назарбаева Дубайдан Астанаға немерелерімен ұшпақ болған жерінде көзге түскен.
ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНАН КЕЙІНГІ ӨМІР
2022 жылғы қаңтардағы оқиғадан кейін Назарбаевтар отбасы қоғамдық кеңістіктен іс жүзінде жоғалып кетті. Назарбаевтар әулетімен БАӘ-ге кетіп, онда ұзақ уақыт тұрғаны белгілі болды.
АКТИВТЕР
Бұған дейін Дариға Назарбаеваға қатысты қонақүй мемлекетке қайтарылған болатын. Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның хабарлауынша, компанияның балансына жалпы сомасы 89,9 млрд теңгеге 70 актив берілді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АКТИВТЕР
Бұл сомаға түрлі жылжымайтын мүліктер мен активтер, оның ішінде 2,8 млрд теңгенің зергерлік бұйымдары кіреді. Берілген активтерге: тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, «Думан» қонақ үй кешені, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері (Жаркент су, Тұлпар), өндірістік база, асхана, жанар-жағармай құю станциясы, жер телімдері, аяқталмаған құрылыс және т.б.
Айта кетерлігі, Forbes мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың мамырында Дариға Назарбаева сол кезде Астанадағы «Думан» қонақ үй кешенін басқарған «A-Service Management» ЖШС-нің үлесіне ие болған «DLS Group Holding Company» ЖШС-нің иесі болған.