Қазақстандағы 2025 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша халық саны жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САНАҚ
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының саны 20 316 155 адамға жетті. Соның ішінде 12 813 769 адам қалада, ал 7,5 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде тұрады.
ӨҢІРЛЕР
Халық ең тығыз қоныстанған өңірлер – Алматы қаласы (2 300 876 адам) мен Түркістан облысы (2 154 130 адам).
Айта кетейік, ақпан айында Қазақстан халқының саны алғаш рет 20,3 миллионнан асты.