Украина сыртқы істер министрлігі америкалық тараптан пайдалы қазбаларға қатысты келісімнің жаңа мәтінін алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөздер қазірдің өзінде басталып кеткен.
«Біз келісім мәтіні бойынша америкалық тараппен консультацияларды бастап кеттік. Қазірдің өзінде осы консультациялардың бір раунды өтті. Біз құжатты қол қоюға қолайлы етіп дайындау үшін америкалық әріптестерімізбен жұмыс істейтін боламыз, – деді Сибига.
Оның айтуынша, АҚШ бизнесінің Украинада болуы ел үшін тиімді, әсіресе энергетикалық нысандардың қауіпсіздігі тұрғысынан, деп жазады ВВС.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Зеленскийдің АҚШ пен Украина арасындағы ресурстық келісімнен бас тартқысы келетінін мәлімдеген еді.