×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Энергетика министрлігі қазақ мұнайы тасымалданатын станция жұмысына қатысты мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі қазақ мұнайы тасымалданатын станция жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Энергетика министрлігі дронмен шабуыл жасалған КҚК жұмысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘЛІМДЕМЕ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне қазақстандық мұнайды қабылдауға қазіргі уақытта ешқандай шектеу жоқ екенін хабарлады.

- Мұнай жөнелту бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеп тұрған ВПУ-3 қондырғысы арқылы қалыпты режимде жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бұл мәселені бақылауда ұстап, қазақстандық мұнайдың үздіксіз экспортталуын қамтамасыз ету мақсатында барлық мүдделі тараптармен тұрақты түрде өзара іс-қимыл жасауда, делінген хабарламада. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Каспий құбыр консорциумы Көлік саласындағы федералдық бақылау қызметі жүргізген жоспардан тыс тексеруден кейін үш айлақтық қондырғының екеуінің жұмысын тоқтатқаны хабарланған еді. Компанияның мәліметінше, әңгіме КҚК-1 және КҚК-2 қондырғылары туралы болды.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕКСЕРУІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Ресей үкіметінің тапсырмасымен ведомство Азов-Қара теңіз бассейніндегі су көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігін тексеріп жатыр. Бұл тексерулер қауіпті жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған. Тексеру Новороссийск, Темрюк, Сочи, Туапсе және басқа да теңіз порттарында әрекет ететін ұйымдарға қатысты жүргізілді.

Тексеру жұмыстары 2024 жылғы 15 желтоқсанда Керчь бұғазында танкерлер апаты нәтижесінде мұнай өнімдерінің төгілуі себебінен төтенше жағдайға байланысты қолға алынды.

ТЕКСЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Каспий Құбыр Консорциумы – Р» акционерлік қоғамына қатысты 2025 жылғы 27-31 наурыз аралығында сауда теңіз жүзуі және ішкі су көлігі саласындағы федералдық мемлекеттік бақылау аясында жоспардан тыс тексеру жүргізілді.