×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

Олигарх Қайрат Итемгеновтің банкке миллиардтаған қарызы бар болып шықты

06.04.2025, 13:40
Олигарх Қайрат Итемгеновтің банкке миллиардтаған қарызы бар болып шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандағы ең бай әрі ықпалды бизнесмендердің бірі саналатын Қайрат Итемгеновтің қомақты берешегі бар екені жөніндегі мәліметтер ашық дереккөздерде жария болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белгілі болғандай, Қайрат Итемгенов 2023 жылдан бастап сот шешімі бойынша RBK банкінің «проблемалық активтерімен» жұмыс істейтін «DSFK» (Специальная финансовая компания DSFK) ЖШС-не 4 миллиард теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттелген.

Adata.kz анықтамалық сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, олигархтың нақты берешегі 4 122 298 460 теңгені құрайды. Алайда «Сот кабинеті» жүйесінде бұл талап арызға қатысты ешқандай нақты ақпараттың болмауы – өз алдына күмән тудыратын жайт.

Итемгенов жайлы

Қайрат Шәкіртұлы Итемгенов – кәсіпкер, Aqniet Group ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы және мажоритарлық акционері. Оның холдингі Europharma және ArzanPharm сияқты ірі дәріхана желілерін басқарады. Forbes мәліметі бойынша, оның байлығы 323 миллион АҚШ долларына бағаланады – бұл Итемгеновті елдегі ең ауқатты кәсіпкерлердің біріне айналдырады.

Фармацевтикалық бизнестен бөлек, кәсіпкердің өзге де активтері бар. Оған KBI Energy, Satti Logistics, Greenhouse-Qaztomat жылыжай кешені және басқа да компаниялар тиесілі.

Бұған дейін Ulysmedia редакциясы Қайрат Итемгеновтің офшорлар арқылы байлық жинаған жолын зерттеп жазған болатын.