Еліміздің екі ірі қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар мен еуроның қымбаттағаны байқалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы қаласы
Доллар: сатып алу – 507,52 ₸, сату – 510,24 ₸
Еуро: сатып алу – 557,46 ₸, сату – 564,05 ₸
Рубль: сатып алу – 5,85 ₸, сату – 5,98 ₸
Астана қаласы
Доллар: сатып алу – 505 ₸, сату – 512 ₸
Еуро: сатып алу – 555,05 ₸, сату – 565,02 ₸
Рубль: сатып алу – 5,85 ₸, сату – 6 ₸
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, 2 сәуірде Дональд Трамп 185 ел мен аумақтан келетін өнімдерге жаңа кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Ол барлық импорттық тауарларға кемінде 10% мөлшерінде базалық тариф енгізіп, жекелеген елдер үшін жеке мөлшерлеме белгілеуге уәде берді. Бұл мәлімдеме АҚШ-тың қор нарығында күрт құлдырауға себеп болып, әлемдік нарықтарға да кері әсерін тигізді.