АҚШ-тағы беделді The Sunday Times басылымының зерттеуіне сәйкес, ресейлік олигархтарға тиесілі сәнді яхталар тыңшылық құрал ретінде пайдаланылып жатыр. Яғни олар Ұлыбритания әскери-теңіз күштерін бақылауға тартылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АРНАЙЫ ЛЮКТЕР МЕН СУАСТЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Kommersant.ru мәліметінше, британ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, кей яхталардың түбінде арнайы люктер бар. Сол арқылы терең суасты барлау құрылғылары мен сүңгуірлерге арналған жабдықтар көзге түспей іске қосылады екен. Яғни бұл – сырт көзге жай ғана люкс яхта, ал шын мәнінде — тыңшылық құралы.
БРИТАН ФЛОТЫНЫҢ САҚТЫҒЫ
2018 жылы Кипрдегі Лимасол портында тұрған HMS Albion атты британ десанттық кемесі – ол кезде Ұлыбритания әскери-теңіз күштерінің флагманы – қасындағы ресейлік яхтаны байқап, порттан шұғыл түрде шығып кеткен. Адмиралтейство өкілдерінің пайымынша, сол яхтадан кемеге бақылау жүргізілген. Бірақ яхтаның нақты иесі мен атауы аталмаған.
РЕСЕЙ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ СУАСТЫ КАБЕЛЬДЕРІНЕ ҚЫЗЫҒЫП ОТЫР МА
The Sunday Times-тың жазуынша, соңғы жылдары Ұлыбритания жағалауында күмәнді суасты құрылғылары жиі табылған. Олардың кейбірі жағалауға шығып қалған, ал бірқатарын британ әскери күштері анықтаған. Бұл құрылғылардың Vanguard сүңгуір қайықтарына орнатылған Trident-2 D5 баллистикалық зымырандарына тыңшылық жүргізуге бағытталғаны айтылып отыр.
КАБЕЛЬДЕР
Британдық әскерилердің айтуынша, ел үшін стратегиялық маңызы зор суасты кабельдер маңында бірнеше рет ұшқышсыз ұшу аппараттары анықталған. Ең қызығы – олардың айналасында ешбір суасты кеме немесе тасымалдаушы кеме болмаған. Сондықтан олар бұл аппараттар өте алыс қашықтықтан басқарылып келген деген қорытындыға келді. Министрлік бұл әрекетті кабельдерді зақымдауға жасалған талпыныс деп бағалауда.