×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Алматыда әкімдік өртеніп, жедел жәрдемге шабуыл жасалды

05.01.2022, 14:59
Фото: ашық дереккөзден

Ереуілдеушілер Алматы қаласының әкімдігіне шабуыл жасап, ғимараттан өрт шықты деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Еңселі жайдың екі-үш тұсынан қызыл алау анық көрініп, қою түтін көкке көтерілуде. Оқ, шу-жарық гранаталарының дыбысы естіледі.

Белгілі болғандай, әкімдіктен барлық қызметкер шығып үлгерген, кейбірі қашықтықтан жұмыс істеуде. Сонымен қатар оңтүстік астанада Президенттің ескі резиденциясы мен прокуратурадан және «Nur Otan» партиясының филиалынан тілсіз жау жалындары байқалуда.

Ақтөбе, Атырау әкімдіктеріне де жиналған жұрт лап қойып, ереуілдер елдің барлық өңірін қамтыды.

Медицина қызметкерлері болса, ереуілдеушілердің көліктерін өткізбей, жұмыстарына кедергі жасап жатқандарына шағымдануда. Әлеуметтік нысандар қиратылып, 5 жедел жәрдем қызметкері ауруханаға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары