Экс-министр Азамат Есқараев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕСҚАРАЕВ ҚАЙДА КЕТТІ
Азамат Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады. 2000-2002 жылдары – РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы. 2003-2005 жылдары – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы. 2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы.
2006-2007 жылдары – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері. 2007 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі. 2008-2009 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры 2009-2014 жылдары – ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.
2014-2019 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2019 жылғы маусымнан бастап – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылы 4 қаңтарынан 2025 жылдың 9 қаңтарына дейін ҚР Әділет министрі болып қызмет етті.
ТАҒЫ КІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Тоқаевтың жарлығымен:
Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.