×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

«Бір «Кобальттың» ақшасы кетті»: Әлия Әшім Қонаев туралы фильмді қаншаға түсірді

Бүгін, 21:40
«Бір «Кобальттың» ақшасы кетті»: Әлия Әшім Қонаев туралы фильмді қаншаға түсірді
Ашық дереккөзден

Белгілі журналист, документалист Әйгерім Есенәліге берген сұхбатында фильмдеріне кеткен шығын туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРУ АҚТАЛМАЙДЫ

Ең әуелі сұхбатты журналист енді деректі фильмдерді түсіріп көпшілікке ұсынбайтынын айтты. 

“Бір топқа өзіңнің эгоңды қанағаттандырасың да қоясың. Сондықтан документалка түсіріп ютубқа салмаймын деп шештім. Өйткені ақталмайды ”- дейді Әлия Әшім.

Мысалы Қонаев туралы деректі фильмнен қанша тапқанын айтты.

“Максимум 500 мың теңге таптым. Донаттың арқасында. Оған рақмет”- дейді журналист.  

Ал сол фильмді түсіру үшін қанша жұмсағаны көпшілікке қызық. Сондықтан журналист осы сұраққа да жауап берді. 

“Қонаевқа көп кеткен жоқ. Бір “Шевроле кобальттың” ақшасы кеткен шығар. Кобальт қанша тұрады? 8 миллиондай шығар. Екі жыл түсірілді. 8 миллионды екі жылға бөлсек 4 миллионнан шығады”- деді Әлия Әшім.   

ӘЛИЯ ӘШІМ

Әлия Әшім – қазақстандық журналист. Бостон университетінің Коммуникация мектебінің магистратурасын тәмамдаған қазақстандық деректі фильм режиссері. Ол 1960-1989 жылдар аралығындағы Қазақстан тарихын қамтитын бес бөлімнен тұратын «Қонаев дәуірі» атты деректі фильмді түсірді. Бұл фильмде сол кезеңдегі саяси, мәдени және әлеуметтік өзгерістер баяндалады. Әлия Әшім фильмді дайындау барысында архив материалдары мен тарихи деректерге сүйеніп, Дінмұхамед Қонаевтың тұлғасын жан-жақты ашуға тырысты. Фильм Q.rec productions YouTube арнасында көрсетілді және көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.