×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

Трамп Қытайды 104% баж салығымен жойып жібермек пе

Бүгін, 23:15
Трамп Қытайды 104% баж салығымен жойып жібермек пе
Ашық дереккөзден

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайға қарсы жаңа сауда баждарын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТРАМП ҚЫТАЙҒА 50 ПАЙЫЗДЫҚ ЖАҢА БАЖ САЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗБЕК

Егер Қытай 8 сәуірге дейін АҚШ тауарларына енгізген 34 пайыздық жауаптық баж салығын жоймаса, 9 сәуірден бастап АҚШ Қытай импортына 50 пайыздық салық енгізеді. Бұл туралы Трамп 7 сәуір күні Truth Social желісінде жазды.

Трамп Қытаймен тарифтік келіссөздер болмайтынын ашық айтты. Сонымен қатар, басқа елдермен кедендік саясат бойынша келіссөздер "бірден басталуы керек" деп мәлімдеді. Алайда ол нақты қандай мемлекеттер туралы айтылғанын нақтыламады.

АМЕРИКАНЫҢ ҚЫТАЙҒА ҚАРСЫ БАЖ САЛЫҒЫ 104 ПАЙЫЗҒА ЖЕТУІ МҮМКІН

Бұған дейін Трамп Қытайдан келетін импортқа 34 пайыздық жаңа баж салығы 9 сәуірде күшіне енетінін хабарлаған еді. Қытай жағы бұл қадамға дәл сондай жауаппен — 34 пайыздық тарифпен жауап беретінін ескерткен.

Қазіргі таңда АҚШ Қытай өнімдеріне 20 пайыздық салық қолданып отыр. Егер Трамп жаңа 50 пайыздық баж салығын іске асырса, жалпы тариф көлемі 104 пайызға жетеді.

САУДА СОҒЫСЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Трамптың бұл шешімі саясаткерлер мен экономистер тарапынан қатаң сынға ұшырап, әлемдік биржаларда индекстердің күрт төмендеуіне себеп болды. Сонымен қатар, мұнай бағасы да айтарлықтай құлдырады.

Сарапшылар бұл әрекет тұтыну тауарларының қымбаттауына және жаһандық экономикалық өсімнің баяулауына әкеледі деп болжауда. DPA агенттігі Трамптың бұл қадамын "оның бүкіл сауда саясаты аясындағы ең агрессивті және салдары ауыр шешім" деп бағалады.