×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Қазақ полицейлері беларусь блогерінен 200 мың теңге «сыпырып алған»: Туризм министрлігі қандай сабақ алды

08.04.2025, 12:07
Қазақ полицейлері беларусь блогерінен 200 мың теңге «сыпырып алған»: Туризм министрлігі қандай сабақ алды
скриншот

Түркістан облысында полиция қызметкерлерінен пара беріп құтылған беларусь блогерінің оқиғасынан кейін туризм және спорт министрлігі құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп, шетел туристерімен жұмыс істеудің жоспарын әзірлегелі жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Үкіметтің баспасөз орталығында Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап берген туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев расында да, сондай оқиға болғанын растады. Оның айтуынша, мұндай оқиғалар полиция немесе такси жүргізушілерінің қатысуымен жиі тіркеледі.

Алдап кеткендер болады. Ол тек Қазақстанда емес, барлық елде бар. Әсіресе, туризм аса дамыған елдерде сондай жағдайлар болады. Жоспарға сәйкес, келесі аптада полиция және кеден қызметкерлерімен, шекараны бақылайтын қызметкерлермен туризмге байланысты отырыс өткізейік деп жатырмыз. Ондай сұрақтарды солардың назарына қоямыз, – дейді ол.

Вице-министр сөз арасында Барселона әкімшілігінің мысалын келтірді. Айтуынша, ол қала туризмнің кері әсерін бастан өткеріп жатыр. Туристер саны көбейген сайын қылмыстар көбейген. Барселона мэрі әр туристің өзіндік құны 160 еуро екенін анықтаған. Одан аз ақша жұмсаған турист Барселонаға керек емес деген шешімге келген. 

Оның кері әсері қылмыстарды көбейту ғана емес, инфрақұрылымға да, экологияға да жүк. Барселона сол себепті тек көбірек ақша жұмсайтын туристерді шақырып жатыр. Біз де туристердің санын қуып, жаңа рекордтардың артынан жүгіру ұстанымын қоюымыз керек. Туристің қалтасына қарап, мақсатты нарықтарда маркетиң жүргізуіміз керек. Полиция қызметкерлері мен туристердің қатынасын реттерлік жаңа жоспарымыз бар. Оны іске асырамыз, – дейді ол.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, бұған дейін Беларусь блогері Түркістан облысында полицейлер 200 мың теңге талап еткенін мәлім еткен болатын. Олар бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған. 

Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері Беларусьтен келген туристерді тоқтатып, олардан 200 мың теңге сұраған. Туристердің айтуынша, полицейлер оларды Қазақстанның техникалық тексерісінен өтпегені және бейнебақылау камерасына түскені үшін айыптаған. Туристер арасында танымал блогер Александр Гулько да болған. Оның айтуынша, олар ешқандай жол ережесін бұзбаған, бірақ тәртіп сақшылары бұған дәлел келтірмеген. Полицейлер ақша берілген жағдайда, ендігәрі тоқтатпайтынын айтып, уәде еткен.

Осы оқиғаны блогер желіге жариялағаннан кейін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха видеодағы полиция қызметкерлері жұмыстан қуылғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары