×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының сатылар мерзімі ресми түрде жарияланды

08.04.2025, 14:12
Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының сатылар мерзімі ресми түрде жарияланды
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандағы екі ірі мұнай өңдеу зауыты алдағы үш жыл ішінде жекешелендіріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

LS басылымының мәліметінше, Ұлттық жекешелендіру кеңсесі стратегиялық әріптеске Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМӨЗ) мен Атырау мұнай өңдеу зауытын (АМӨЗ) 2028 жылға дейін тапсыруды ұсынған.

Алайда бұл зауыттарды жекешелендіру жоспары 2026-2030 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасы бойынша Жоғарғы реформалар кеңесінде бекітілгеннен кейін ғана инвесторларды іздеу жұмыстары басталады.

Ашық нарыққа шығарылатын мемлекеттік активтердің тізімі 2025 жылдың 9 маусымына дейін әзірленіп, "Жекешелендіру агенттігіне" ұсынылуы тиіс. Қазір бұл құжат жекешелендіру мүмкіндігін қарастыру үшін үкіметке жолданған, – делінген жарияланымда.

Мұнай өңдеу зауыттарынан бөлек, жекешелендіруге ұсынылған тізімге "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес және тәуелді ұйымдары да енгізілген. Алайда бұл кәсіпорындарға қатысты соңғы шешім әзірге қабылданбаған.

АТЫРАУ МӨЗ ЖАЙЛЫ

Энергетика министрлігі Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының қазақстандық үлесін ресейлік «Татнефть» компаниясына сатпайтын хабарлады. Еліміздегі жанар-жағармай өндіретін басты кәсіпорын сатылады екен деген әңгіме наурыз айында шыққан, қазақстандықтар бұл жаңалыққа алаңдаушылық білдіріп, қоғам белсенділері дабыл қаққан. Ulysmedia.kz стратегиялық маңызы бар Атырау зауытын жекеменшікке, оның үстіне ресейлік компанияға берудің себебін анықтауға тырысты. Оның үстіне, редакцияда дайындалып жатқан мәмілеге қатысты растаушы құжаттар да болды. АМӨЗ бен «Татнефть» компаниясы арасындағы келіссөздер басталғаны өз алдына, тіпті қазақстандық компания болашақ серіктесіне зауыттың құпия мәліметтерін, оның ішінде бухгалтерлік есеп-қисабы мен кіріс-шығысы туралы мәлімет беруге міндеттелген екен. Індете қазып, мәселенің ақ-қарасын айыру бізге де оңай болған жоқ. Тіпті бізді көзге ілмеулері де мүмкін еді.

Ulysmedia.kz бұл ақпаратты жариялап, «ҚазМұнайГазға» тиісті хат жолдаған. Неліктен осындай шешім қабылданғанын және оның қисыны неде екенін білсек дедік хатта. Зауыттың ресейлік компанияға сатылуына қатысты сұрағымызға компания басшылығы екіұшты жауап беріп, нақты айтуға әзір дайын еместігін жеткізген. Тіпті «иә, сатылады» немесе «жоқ, сатылмайды» дегенді де айтпаған.

Серіктес жаңалықтары