×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

Қазақстанда ажырасу құны қымбаттайды: салық кодексіне өзгеріс

08.04.2025, 19:55
Қазақстанда ажырасу құны қымбаттайды: салық кодексіне өзгеріс
Әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Соның бірі – некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыру, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

АЖЫРАСУ ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН БАЖ ЕСЕЛЕП ӨСЕДІ

Жаңа Салық кодексінің жобасында некені бұзу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығын қазіргі 0,5 АЕК-тен (2025 жылы – 1 966 теңге) 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін көбейту ұсынылған.

ДЕПУТАТТАРДЫҢ МАҚСАТЫ – ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРУ

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл өзгеріс азаматтарды ажырасу туралы шешімді эмоцияға берілмей, салмақты түрде қабылдауға итермелейді.

"Жоғары баж салықтарын енгізу – сәттік сезімдермен ажырасуға шешім қабылдайтын азаматтар үшін тежеу факторы болады. Бұл әсіресе жастар арасында орынсыз ажырасулардың азаюына ықпал етуі мүмкін", – деді Бейсенғалиев.

МАҚСАТ – БЮДЖЕТ ТОЛТЫРУ ЕМЕС, ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НЫҒАЙТУ

Депутаттың сөзінше, бастама мемлекеттік бюджетті толтыруды емес, отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Серіктес жаңалықтары