×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық істі қарау қайта басталды

Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық істі қарау қайта басталды
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Qaznews24 сатиралық арнасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық істі қарау қайта басталды. Ол сот процесіне тергеу изоляторынан қатысып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, блогер ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру") бойынша "адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыс жасады" деп айыпталуда. Ол 2024 жылдың 18 қаңтарынан бастап қамауда отыр. Алғашында іс Алмалы аудандық сотында қаралған. Алайда мемлекеттік айыптаушының өтініші негізінде іс Наурызбай аудандық сотына ауыстырылды. Айыптаушы тараптың айтуынша, қылмыстық құқықбұзушылық Еңсебектің тіркеуде тұрған мекенжайында, яғни Наурызбай ауданында жасалған.

ҚОРҒАУШЫЛАР НЕ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР

Блогердің қорғаушысы, адвокат Жанар Балғабаева сотта бірқатар өтініштерді мәлімдеуді жоспарлап отыр:

  • Бұлтартпау шарасын өзгерту,

  • Қылмыстық істі тоқтату,

  • Сот отырысын офлайн форматта, Еңсебектің тікелей қатысуымен өткізу.

ІСТІҢ МӘНІ НЕДЕ

Темірлан Еңсебекке қатысты іс бір ғана эпизодтан тұрады. Ол — 2024 жылдың 21 қаңтарында Qaznews24 сатиралық арнасында және Instagram парақшасында жарияланған жазба. Онда "Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге қатаң жауап жолдады" деген сипаттағы жазба жарияланған. Жазбамен бірге авторы белгісіз музыкалық композиция берілген. Ән мәтінінде ұлтаралық сипаттағы анайы, балағат сөздер кездеседі, атап айтқанда — орыс ұлты өкілдеріне бағытталған өте ауыр әрі қорлайтын сөздер бар.

ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕК ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ?

2021 жылдың мамыр айында Темірлан Еңсебек құқық қорғау органдарының назарына тағы да іліккен. Ол кезде де оның паблигінде жарияланған контент себеп болған. Тергеу ҚР ҚК 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жүргізілді.

Алайда, 2021 жылдың қыркүйек айында қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылған.