×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

Қазақстанда ажырасу үшін төленетін баж 80 мың теңгеге дейін ұлғаяды

09.04.2025, 11:27
Қазақстанда ажырасу үшін төленетін баж 80 мың теңгеге дейін ұлғаяды
фото: aprlnr.su

Депутат Берік Бейсенғалиев ажырасу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығын мәжілісмендер қазіргі 0,3 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін көтеруді ұсынып отырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, бұл қадам отбасын сақтап қалуға көбірек мүмкіндік береді.

Қалай болғанда да, бұл бастаманың мақсаты – бюджетке ақша құю емес. Баж салығын көтеруді ұсынған депутаттар мұны ажырасу алдында адамдар бір сәт ойланып, эмоциямен емес, салмақтап шешім қабылдауы үшін жасап отыр. Ақыры 1000 теңге төлейсің бе, әлде одан 20–30 есе артық па – мұның айырмасы бар. Осылайша, әсіресе жас отбасыларда ойланып, саналы түрде шешім қабылдауға итермелейді деген пікір бар, – деді депутат мәжіліс кулуарында.

Берік Бейсенғалиевтің өзі ажырасу кезіндегі мемлекеттік баж одан да қымбат болуы керек деп есептейді. “Маған салса 20 емес, бірден 200 АЕК ұсынар едім” деді ол.

ЗЕРТТЕУ

Finprom.kz мәліметінше, Қазақстанда ажырасудың ең жоғары деңгейі төрт жылға жетпей бірге тұрған жұптар арасында тіркелген. 2024 жылы мұндай некелердің үлесі 35%-ды құрады. Екінші орында – 5-9 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар (25%). Сонымен қатар, некелердің 8%-ы бір жыл ішінде бұзылған. Бұл – үйлену тойының естеліктері әлі де жаңғырып, оны өткізу үшін алынған несиелер толық өтелмеген кезең.

Соңғы жылдары елдегі ажырасу коэффициенті тұрақты түрде төмендеуде: 2019 жылы 3,23 болса, өткен жылы 2,01-ге дейін азайды. Жалпы ажырасулар саны осы уақыт аралығында шамамен 1,5 есеге қысқарып, 40,5 мыңды құрады. Сондай-ақ, соңғы 10 жылда Қазақстанда алғашқы некеге тұру жасының артқаны байқалады. 2014 жылы қалыңдықтардың орташа жасы 24,6 болса, күйеу жігіттердің жасы 27,1 болған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш тиісінше 25,2 және 27,9 жасқа жетті.

Серіктес жаңалықтары