×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

«Ашық сот болсын!» – Темірлан Еңсебектің достарын «заңсыз жиналдыңдар» деп қуып жатыр

09.04.2025, 11:57
«Ашық сот болсын!» – Темірлан Еңсебектің достарын «заңсыз жиналдыңдар» деп қуып жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Наурызбай аудандық сотының ғимаратына келген "Oyan Qazaqstan" қозғалысының белсенділері Темірлан Еңсебектің сот ісін ашық әрі әділ өткізуді талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңсебектің серіктес белсенділері сот залына кіре алмады, ал процестің онлайн-трансляциясы мүлде жүргізілмей жатыр. Осыған наразы болған азаматтар соттың ашық өтуін талап етіп, ұрандатуға көшті.

Баспасөз өкілдері мен белсенділердің қасына аудан әкімдігінен бір өкіл шығып, бұл әрекетті «рұқсат етілмеген жиын» деп бағалап, оның салдары болатынын ескертті. Қазір оқиға орнына полиция келуі мүмкін.

ҚОРҒАУШЫЛАР НЕ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР

Блогердің қорғаушысы, адвокат Жанар Балғабаева сотта бірқатар өтініштерді мәлімдеуді жоспарлап отыр:

  • Бұлтартпау шарасын өзгерту,

  • Қылмыстық істі тоқтату,

  • Сот отырысын офлайн форматта, Еңсебектің тікелей қатысуымен өткізу.

ІСТІҢ МӘНІ НЕДЕ

Темірлан Еңсебекке қатысты іс бір ғана эпизодтан тұрады. Ол — 2024 жылдың 21 қаңтарында Qaznews24 сатиралық арнасында және Instagram парақшасында жарияланған жазба. Онда "Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге қатаң жауап жолдады" деген сипаттағы жазба жарияланған. Жазбамен бірге авторы белгісіз музыкалық композиция берілген. Ән мәтінінде ұлтаралық сипаттағы анайы, балағат сөздер кездеседі, атап айтқанда — орыс ұлты өкілдеріне бағытталған өте ауыр әрі қорлайтын сөздер бар.

ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕК ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

2021 жылдың мамыр айында Темірлан Еңсебек құқық қорғау органдарының назарына тағы да іліккен. Ол кезде де оның паблигінде жарияланған контент себеп болған. Тергеу ҚР ҚК 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жүргізілді.

Алайда, 2021 жылдың қыркүйек айында қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылған.