Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Астана халықаралық қаржы орталығы қатты сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қаржы орталығының ішінде – ірі отандық банктер»
Депутаттың айтуынша, АХҚО қатысушыларының қатарында еліміздегі ең ірі банктер бар.
– Тағы бір үлкен мәселе – бұл Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО). Бүгінде ол қазақстандық олигархтар үшін офшорлық жұмаққа айналды, – деді Сайыров.
70-тен аса қазақстандық компания – АХҚО ішінде
Сайыровтың сөзінше, АХҚО-да 70-тен астам қазақстандық компания тіркелген, олардың ішінде Kaz Minerals, Қазфосфат секілді жер қойнауын пайдаланушылардың үлесіне иелік ететін компаниялар да бар.
АХҚО туралы
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылғы 5 шілдеде іске қосылған. Ресми ақпаратқа сәйкес, ол қаржылық ресурстарды тартуда негізгі рөлдердің бірін атқарады. АХҚО өзін Орталық Азия, Кавказ, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Таяу Шығыс, Батыс Қытай, Моңғолия және Еуропа елдері үшін қаржылық хаб ретінде таныстырады.