×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

Енді 21 жасқа толмағандарға несие бермейді

09.04.2025, 19:25
Енді 21 жасқа толмағандарға несие бермейді
Әлеуметтік желіден

2025 жылғы 9 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысында қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы екінші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

21 ЖАСТАН ТӨМЕН ЖӘНЕ 55 ЖАСҚА ДЕЙІН...

Жаңа заң аясында 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар кепілсіз тұтынушылық несие алу үшін "электрондық үкімет" порталы арқылы ресімделген келісім беруі қажет болады. Бұл талап қосымша құқықтық актілерде нақты көрсетіледі.

Кепілсіз онлайн тұтынушылық несиелерді рәсімдеген кезде, 24 сағаттық «салқындау» кезеңі енгізіледі. Бұл уақыт ішінде азамат несие шарттарымен мұқият танысып, шешімін өзгерте алады.

АЛҒАШ РЕТ НЕСИЕ АЛУШЫЛАР БАНККЕ ЖЕКЕ КЕЛІП ӨТІНІШ БЕРУГЕ МІНДЕТТІ

Егер азамат алғаш рет несие алатын болса, ол міндетті түрде банк немесе микроқаржы ұйымының бөлімшесіне келіп, жеке қатысу арқылы рәсімдеуі қажет.

Ал әскери қызмет өтіп жатқан әскери қызметшілерге кез келген несиелер мен микрокредиттер беруге заң жүзінде тыйым салынады.

АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАУ: БАНКТЕРГЕ ЖАҢА ӨКІЛЕТТІКТЕР БЕРІЛЕДІ

Заң аясында алаяқтық әрекеттермен алынған несиелер мен микрокредиттерді есептен шығару мүмкіндіктері кеңейтіледі. Банктер транзакциялардағы күмәнді белгілерді анықтауға қатысты қосымша өкілеттіктерге ие болады.

Микрокредиттер бойынша айыппұл мен өсімпұл алуға толықтай тыйым салынады (қайтарылмаған жағдайдан басқа). Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға экономикалық жағдай нашарлаған кезде міндетті түрде кемінде 3 ай мерзімге айыппұлсыз несие төлеуді шегеру қарастырылған.

Қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін ай сайынғы төлем сомасы 50% және одан көп мөлшерге азайтылуы мүмкін. Банктік несиені ішінара немесе мерзімінен бұрын өтегені үшін жеке тұлғалардан айыппұл өндірілмейді.

Серіктес жаңалықтары