×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Әуежайдағы атышулы оқиға: пышақ ұстаған еркек жазадан құтылып кетпек пе

09.04.2025, 19:55
Әуежайдағы атышулы оқиға: пышақ ұстаған еркек жазадан құтылып кетпек пе
Ulysmedia коллажы

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында кепілге алу және қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАЙ БАПТАР БОЙЫНША ІС ТЕРГЕЛДІ?

Сотқа жеделдетілген тергеу протоколымен келіп түскен іс мынадай баптар бойынша қаралуда:

  • ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі – пышақ қолдана отырып, азаматтарға күш көрсетумен қатар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу;

  • ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы – билетсіз ұшаққа отырғызуды талап етіп, пышақпен қорқыту арқылы адамды кепілге алу;

  • ҚР ҚК 273-бабы – террорлық акт туралы көрінеу жалған хабар тарату.

АЙЫБЫН МОЙЫНДАҒАН ЖОҚ

Айыпталушы ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша өз кінәсін мойындамады. Оның айтуынша, ешқандай талап қоймаған, тек әуежайдың күту залына өтпек болған. Осы себепті іс прокурорға қайтарылып, енді тергеу жалпы тәртіп бойынша жалғасады.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берген болатын. Телеграмда ер адам әуежай қызметкерінің шашынан ұстап алып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқан видеосы тарады. Ер адамның қолында пышақ болған. 

Артынша белгісіз ер адам қаскөйге қызды жіберіп, кепіл ретінде өзін ұсынып, қасына келген. 

Желіде тараған видеоларда ер адам алдымен қаскөймен сөйлесіп тұрып, артынша қолындағы пышағын жұлып алады.

Кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында ерлік жасаған ер адамды марапаттады.

Серіктес жаңалықтары