×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

Әлем елдері сауда келісімін жасау үшін менің артымды сүюге дайын – Трамп

10.04.2025, 07:56
Әлем елдері сауда келісімін жасау үшін менің артымды сүюге дайын – Трамп
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп сыртқы экономикалық қатынастарға қатысты пікірін өзіне сай өткір мәнерде білдіріп, шетел мемлекеттерінің көшбасшылары сауда келісімдерін жасасу үшін Америкамен қандай болсын келісімге баруға әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Politico басылымы хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, Дональд Трамп бұл мәлімдемесін Вашингтонда өткен Ұлттық республикалық комитеттің кешкі асында сөйлеген сөзінде жасаған.

Мен сіздерге шын айтамын, бұл елдердің басшылары бізге қоңырау шалып, менің артымды сүюге дайын, – деді АҚШ президенті жиын барысында.

Осыдан кейін ол шетел көшбасшыларының мінез-құлқын сатиралық екпінмен келемеждеп, былай деді: «Өтінемін, өтінемін, мырза, келісім жасайық. Мен сіз үшін бәріне барамын, мырза».

Трамптың мұндай даулы мәлімдемелері – оның сыртқы саясаттағы күш көрсету риторикасының ажырамас бөлігі. Ол өзін «қатал келіссөзші» ретінде көрсетіп, Америкаға өзге мемлекеттердің ықпал ете алмайтынын меңзейді. Трамптың айтуынша, дәл осы қатаң әдістері арқылы АҚШ халықаралық сауда келіссөздерінде үстемдікке ие болып, барынша тиімді шарттар жасай алады.

Айта кетейік, бұған дейін ол Қытайға салынатын кедендік баж салығын 125 пайызға дейін көтерген болатын.

Серіктес жаңалықтары