×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Әскери іс-шаралар: Астанада үш көше жабылады

Әскери іс-шаралар: Астанада үш көше жабылады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Астанада әскери іс-шараларға байланысты үш көше жабылатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дерекке қарағанда, 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының «Индустриялық қалашық» аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі.

Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына бағытталған. Осыған байланысты Ақжол, Қарашығанақ, Бұйрат көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек, - делінген ақпаратта.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Ведомство жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұрайды.

Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз, - деп жазды министрліктен.