×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

ҚФФ бұрынғы басшысы Әділет Бәрменқұлов өзін айыптағандарға жауап берді

ҚФФ бұрынғы басшысы Әділет Бәрменқұлов өзін айыптағандарға жауап берді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділет Бәрменқұлов прокурорлық тексерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралында жалған мәлімет таралып жатқандықтан ресми мәлімдеме жасауды жөн көріп отырмын.

Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясы мен бірқатар футбол клубына тексеріс жүргізді. Соның нәтижесіне сай Қаржы мониторингі Агенттігі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Алдын ала тон пішіп, тағылған айып пен заң бұзушылықтарды менің атыммен байланыстыру негізсіз.

БАҚ пен түрлі блог авторларын, ақпарат агенттіктерін қоғамды жаңылыстырмай, болжам-жорамалдарыңызды таратпауды сұраймын.

Қажет болған жағдайда мен тек өз атымды ғана емес, Қазақстан футболын дамыту жолында атқарған жұмысымның нәтижесін де ашық қорғауға дайынмын.

Бүгінде кез келген деструктивті сөз менің абыройыма ғана емес, Халықаралық деңгейде еліміздің бүкіл спорт қауымдастығының беделіне нұқсан келтіреді.

Тергеу органдарының заң шеңберінде жұмыс істеп жатқанына сенімдімін, – деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары