×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Холдингті тонап, АҚШ-қа қашып кетті: Тоқаев әйгілі қазақстандық ғалымды еске алды

Холдингті тонап, АҚШ-қа қашып кетті: Тоқаев әйгілі қазақстандық ғалымды еске алды
Фото: Ақорда

Тоқаев ғалымдармен кездесуінде "Парасат" холдингінің экс-басшысын тағы да еске алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨБЕЙІП КЕТТІ

Президент Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғылымға баса мән берілмегені, көптеген ғалымның басқа салаға ауысып кеткенін айтты.

Соның салдарынан Қазақстандағы ғылыми қызметкерлердің саны үш есе азайып, бұл ахуал ұлттың зияткерлік әлеуетіне орасан зор кесірін тигізген. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ғылым саласында жемқорлық фактілерінің көбейіп кеткенін де тілге тиек етті. Мәселен, «Парасат» холдингін басқарған белгілі академик оны әбден тонап, кейін балаларымен бірге АҚШ-тың азаматтығын алып, мұхиттың ар жағына қашып кеткен. Дегенмен бүгінде жағдай оңалып, ғылым қайтадан төрге шыққанын атап өтті. Бұл – мемлекеттің нағыз, адал ғалымдарға сенімі деген сөз.

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДА ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІ ЕСКЕРІЛДІ

Мемлекет ғылымды дамыту үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Мен осыдан үш жыл бұрын Ғылым академиясын жаңғырту туралы тапсырма бердім. Содан бері ауқымды жұмыс жасалуда. Академияға жоғары ғылыми ұйым мәртебесі берілді. Инфрақұрылым жүйесі жаңартылып жатыр. Кадр даярлау ісі жолға қойылды. Былтыр қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң осы үрдістерге тың серпін берді. Құжатта ғылымды басқару тәсілдері нақтыланды. Ғалымдарды әлеуметтік қолдау шаралары айқындалды. Бір сөзбен айтсақ, заңда ғылым жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың мүддесі барынша ескерілді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ғылым – стратегиялық маңызы бар сала болғандықтан соңғы жылдары бұл бағытқа бөлінетін қаржы 3,5 есе артты, жас зерттеушілерге қолдау күшейді. Мемлекет басшысының пікірінше, осындай қадамдар еліміздің ғылыми әлеуетін арттыра түседі. Қазір Қазақстанда 25 мыңнан астам ғалым болса, олардың жартысы – 40 жасқа толмаған мамандар. Бұл елімізде ғалымдардың жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

ТОҚАЕВ КІМ ТУРАЛЫ АЙТУЫ МҮМКІН

Айта кетейік, президент "Америка Құрама Штаттарына қашып кеткен” “Парасат” холдингінің бұрынғы басшысын бірінші рет айтып отырған жоқ. Мемлекет басшысы бұл туралы 2023 жылғы сәуірде Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында да тілге тиек еткен. Желідегі болжамдар бойынша президент 2000 жылдан 2002 жылға дейін Білім және ғылым министрі қызметін атқарған бұрынғы қазақстандық саяси қайраткер Нұралы Бектұрғановты меңзеген болуы мүмкін.